Қазіргі кезде Алматыда шахматтың блиц түрінен әлем чемпионаты өтуде. Шахматтың бұл түрінен ең алғашқы ресми емес чемпионат 1970 жылы Югаславияның Герцог-Нови қаласында өткізілген. Онда 12 ойыншының ішінен «әйгілі» Роберт Джеймис Фишер1-ші, Михайл Таль 2-ші, Михайл Корчной 3-ші орын иеленген.
Одан кейінгі уақытта да ресми емес жарыстар 1978 жылы Югаславияда (1-орын А.Карпов), 1983 тағы да Югаславияда (1-орын Гарри Каспаров) өткізілген. Ал 1988 жылы Халықаралық Шахмат федерациясының ұйымдастыруымен өткізілген әлем чемпионаты блицтің тұңғыш ресми жарысы саналады. Канаданың Сент-Джоне қаласында өткізілген чемпионатта Михаил Таль тәж киіп, блицтан тұңғыш әлем чемпионы атанған. Ал 18 жылдан кейін Израильдің Ашдод қаласында өткізілген 2-ші ресми әлем чемпионатында Александр Грищук жеңімпаз атанады. 2007 жылы өткізілген 3-ші әлем чемпионатында украиналық гроссмейстер Василий Иванчук жеңіс тұғырына көтеріледі. 2-орынды Вишватан Ананд, Александр Грищук 3-ші орынды иеленеді. Қазіргі кезде Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионаты ресми түрде 4-ші саналады. Оған 1-ші әлем чемпионатының жеңімпазы А.Карпов, алғашгқы ресми емес чемпионаттың жүлдегері М.Корчной қонақ ретінде, 2, 3-ші чемпионаттың тәжін киген Александр Грищук пен Василий Иванчук ойыншылар санатында қатысуда. Олар бұл жолғы чемпионаттың да бас жүлдесінен үміткерлердің қатарынан саналады.