Бугин мен ареңдеп жатып оз блогымды бастадым. Акпараты кайнаған акпарат агенттигинде жумыс істейтіндіктен, сіздермен кызыкты акпараттармен болискенди жон кордим. тек казакша кариптер туспейтини жаман екен.Кабыл алындар достар.
Салем достар!
November 8, 2008Шахматтын атагынын аспандамауына сонгы 15 жылдагы кателиктер кінали-Анатолий Карпов
November 8, 2008
Кәсіби шахматта соңғы 15 жылда көптеген қателер жасалды. Соның салдарынан шахматшылар мен шахмат спорты көптеген мүмкіндіктерді жоғалтты. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында шахматтан әлемнің 12-ші чемпионы, ФИДЕ тәртібі бойынша әлем чемпионы, 100-ден астам халықаралық чемпионатардың жүлдегері, КСРО-ның 3 дүркін чемпионы, әлемдің шахмат олимпиадаларының жеңімпазы, Алматыда блиц-шахматтан өтіп жатқан әлем ченмпионатының құрметті қонағы Анатолий Карпов айтты.
«Кәсіби шахматтағы қателіктер шахматшылар тарапынан ғана емес, халықаралық федерация, шараларды ұйымдастырушылар тарапынан да жіберілді. Қазір шахматтағы жүйесіздік салдарынан көптеген демеушілерін жоғалтты. Тіпті шахмат телеэраннан орын таба алмады. Өйткені классикалық шахмат ұзаққа созылады. Сондықтан бұл ретте блиц чемпионаттарының телеэкраннан орын алу мүмкіндігі зор. Ал телеэкранға шығу деген шахматқа үлкен мүмкіндік береді, Сондықтан қазір қайта дами бастаған бұл салада жүйе, мықты ереже орнауы тиіс.Алматыда ашылған бүгінгі шара осының бастамасы болуы тиіс» деді А. Карпов.Шын мәнінде солай ма? Солай сияқты.Өйткени шахмат әлеміндегілердің футболшы, тенисшілер сияқты беделі жоқ қой әлемде.
Alem shempioni Almatilik studentti zhene almadi
November 8, 2008
Бүгін Алматыда блиц-шахматтан өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында әйгілі шахматшы Анатолий Карповтың әуесқой шахматшылармен сайысы өткізілді.
Ярослав Рябов 1989 жылы туған. 5 сыныптан бастап шахматпен айналысатын ол Алматы қаласының 18 жасқа дейінгілер арасындағы чемпионы, Республикалық оқушылар спартакиадасының, «Белая ладья» Қазақстандық топтық сайысының, биылғы жылы тамызда өткен «Seimar Chess Tournament» жарысының жеңімпазы. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде оқтын Ярославтың айтуынша ол әлемдік деңгейдегі гроссмейстермен бірінші рет ойнаған.
Ойын соңында ҚР Шахмат федерациясының президенті Марғұлан Сейсембаев әлем чемпионына алғыс білдіріп, федерация мен Алматы әкімшілігі атынан сыйлық тарту етті. Сондай-ақ «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Дәурен Молдағалиев маркалар коллекциясын сыйлады. А.Карпов «Қазпошта»АҚ басқарма төрағасына алғыс білдіріп, маркалардың өзінің 30 жылдан бері жинап келе жатқан коллекциясына қосылатынын айтты.
Әйгілі Анатолий Карпов казирги казде немен айналысады?
November 8, 2008Шахматтан әлемнің 12-ші чемпионы, ФИДЕ тәртібі бойынша әлем чемпионы, 100-ден астам халықаралық чемпионатардың жүлдегері, КСРО-ның 3 дүркін чемпионы, әлемдің шахмат олимпиадаларының жеңімпазы Анатолий Карпов мүгедектерге арналған көлік құрастырумен айналысуда. Ол бұл туралы Алматыда ашылған әлем чемпионаты барысында мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта бұрынғы Кеңес одағы аумағында мүгедектерге арналған көліктер шығарылмайды. Осыны ескере отырып осы істі қолға алудамын. Қазір құжаттарды дайындаудамыз, көліктерді Тулада орналасқан зауытта құраймыз. Ал бағасы қазір Ресейде сатылатын ең арзан көліктің 10 пайызы көлемінде болады» дейді әйгілі шахматшы.
Ол бұнымен қатар Ресейлік экологиялық «Техако» қоры мен Ресейлік «Чернобльге көмек» қорын басқаруды жалғастырып жатқанын айтады.
«Қазір қорлардың жұмыстарын жандандырудамыз. «Чернобльға көмек» қоры жанынан диагностикалық орталығын құрдық. Онымен қатар «Техако» қоры жанынан тәуелсіз сот сарапшыларының орталығын құрдым. Бұл жолда бірқатар істер жасалды. Барлық министрліктердің 22 саласы бойынша сараптау жүргізе аламыз» дейді А.Карпов. Ол сондай-ақ шахматты ойнауды жалғастырумен қатар сүйікті ісі марка жинауды, «Шахмат маркалары» атты кітап жазуды жүзеге асырып жатқанын айтады. Бүгінгі таңда оның коллекциясында соңғы 30 жылда жинаған шахмат тақырыбындағы ең бай коллекция бар көрінеді.
Блицтен ең алғашқы ресми емес әлем чемпионаты 1970 жылы өткізілген
November 8, 2008
Қазіргі кезде Алматыда шахматтың блиц түрінен әлем чемпионаты өтуде. Шахматтың бұл түрінен ең алғашқы ресми емес чемпионат 1970 жылы Югаславияның Герцог-Нови қаласында өткізілген. Онда 12 ойыншының ішінен «әйгілі» Роберт Джеймис Фишер1-ші, Михайл Таль 2-ші, Михайл Корчной 3-ші орын иеленген.
Одан кейінгі уақытта да ресми емес жарыстар 1978 жылы Югаславияда (1-орын А.Карпов), 1983 тағы да Югаславияда (1-орын Гарри Каспаров) өткізілген. Ал 1988 жылы Халықаралық Шахмат федерациясының ұйымдастыруымен өткізілген әлем чемпионаты блицтің тұңғыш ресми жарысы саналады. Канаданың Сент-Джоне қаласында өткізілген чемпионатта Михаил Таль тәж киіп, блицтан тұңғыш әлем чемпионы атанған. Ал 18 жылдан кейін Израильдің Ашдод қаласында өткізілген 2-ші ресми әлем чемпионатында Александр Грищук жеңімпаз атанады. 2007 жылы өткізілген 3-ші әлем чемпионатында украиналық гроссмейстер Василий Иванчук жеңіс тұғырына көтеріледі. 2-орынды Вишватан Ананд, Александр Грищук 3-ші орынды иеленеді. Қазіргі кезде Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионаты ресми түрде 4-ші саналады. Оған 1-ші әлем чемпионатының жеңімпазы А.Карпов, алғашгқы ресми емес чемпионаттың жүлдегері М.Корчной қонақ ретінде, 2, 3-ші чемпионаттың тәжін киген Александр Грищук пен Василий Иванчук ойыншылар санатында қатысуда. Олар бұл жолғы чемпионаттың да бас жүлдесінен үміткерлердің қатарынан саналады.
Hello world!
November 8, 2008Welcome to WordPress.com. This is your first post. Edit or delete it and start blogging!